28 жастағы орталық қорғаушы Тарас Бондаренко ақтаулық «Каспийге» оралды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич қорғаушымен таныс, Бондаренко өткен маусымда Қазақстан чемпионатының бастапқы үш турында ақтаулық клубта ойнаған. Алайда, жазғы трансферлік кезеңде Бондаренко көкшетаулық «Оқжетпеске» ауысып, маусымды сонда бітірген.

Биыл қаңтарда украиналық қорғаушы ақтаулық клубқа қайта қосылды. Тарас ОЖЖ-да «Вереске» қарсы ойнады.