Литва құрамасының екі футболшысы - шабуылшы Каролис Лаукжямис пен қорғаушы Линас Клюмавичус «Қайсар» сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportas.lt сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін футболшылар «Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылғаны туралы ақпарат шыққан.

БАҚ мәліметінше, Лаукжямис қызылордалық клубпен келісімге келген. Ал Климавичус бойынша әлі нақты шешім жоқ.

Лаукжямич бұл маусымда мальталық «Хибернианс» сапында бастап, қаңтардың басында келісімшартын бұзған. Ал Климавичус жаңа маусымға «Ритеряй» сапында дайындалған.