«Қайраттың» шабуылшысы Штрели Мамба алматылық клубпен келісімшартқа отырғаннан кейін алғаш рет сұқбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Штрели, «Қайратқа» қош келдіңіз! «Сары-қараларды» таңдаудың себебі неде?

- Рахмет! Мен үшін шетелде тәжірибе алу маңызды болды. «Қайрат» - өз дәстүрі, бай тарихы бар клуб, оның халықаралық деңгейде ойнауға мүмкіндігі бар. Клубта кез-келген ойыншыға кәсіби деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін керемет инфрақұрылым бар.

- Алексей Шпилевскиймен бірінші сөйлескеніңізді айтып беріңізші?

- Мен бас бапкермен клубтың мақсаты, ойын философиясы және Алматы қаласы туралы сөйлестім.

- Сізді командада қалай қарсы алды?

- Команда мені өте жақсы қабылдады.

- Сіз кешкі ас кезінде неміс тілінде рэп айтқан екенсіз. Ән не туралы болды?

- Ән ешқашан берілмеу, әрқашан алдына мақсат қою және осы мақсаттарға жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау туралы. Менің ұраным: «Ешқашан кейін шегінбе!»

- Сіздің маусымға арналған жеке жоспарың қандай?

- Мен командаға көмектескім келеді және бұл үшін бар күш-жігерімді саламын, тамаша ойын көрсетіп, клубқа үлкен мақсаттарға жетуіне көмектескім келеді.