Бүгін, 31 қаңтарда «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасы тұрақты маусымы аясында өз алаңында «Автодор» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

«Автодор» чемпионат аясында 13 ойын өткізіп, оның алтауында жеңіске жетті. Осылайша Саратов өңірінің командасы турнирлік кестестеде жетінші орынға жайғасқан. Ал елордалық команда 12 ойын өткізді, тек 4 кездесуде жеңіске жетті. «Астана» қазір турнирлік кестеде 10-орында тұр.

Маусымның алғашқы бөлігіндегі ойында «Автодор» ойыншылары «Астананы» айқын басымдылықпен жеңген. Саратовта өткен кездесу 107:85 есебімен аяқталған болатын.

«Астана» – «Автодор» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-де басталады. Ойынды төмендегі сілтемелер арқылы тікелей эфирде көруге болады:

ССЫЛКА 1

ССЫЛКА 2