«Астана» футболшылары 16-30 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz Fcastana.kz-ке сілтеме жасап.

Андрей Тихонов шәкірттері ОЖЖ-н Қазақстан жасөспірімдер құрамасына қарсы өткен матчпен аяқтады. Ойын 3:2 есебімен аяқталды, Нұрсұлтандық клуб сапынан Макс Эбонг, Тигран Барсегян гол соқты, тағы бір голды қарсылас команданың ойыншысы өз қақпасында кіргізіп алды.

Бапкерлер құрамының жоспарына сәйкес, команданың екінші оқу-жаттығу жиыны Түркияда өтеді.