29 қаңтарда Алматыда Naiza Fighting Championship промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен NFC 28 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты оқиғасы - жеңіл салмақтағы NFC титулы үшін маңғыстаулық Серікбай Ходжабаев (9-3) пен DAR командасының атынан қатысатын Фаниль «Ноғай» Рафиков (18-4) арасындағы жекпе-жек.

Бастапқы кардтағы кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де, ал негізгі кард Қазақстан астанасы бойынша 21:30-да басталады.