Ресейлік ЦСКА футбол клубы Испаниядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Реал Мурсия» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Матч 5:0 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді.

ЦСКА сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов гол соғып көзге түсті. Алаңға негізі құрамда шыққан отандасымыз ойынның 33-минутында есепті еселеді.

Гол соққандар: Никола Влашич 8, Бактиер Зайнутдинов 33, Чидера Эджуке 60, Илья Шкурин 78, Тигран Аванесян 82