«Ювентус» Италия кубогының ширек финалында СПАЛ командасын 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Туриндегі Allianz - Juventus стадионында өтті. Матчта Альваро Мората, Джанлука Фработта, Деянн Кулушевски, Федерико Кьеза мергендік танытты.

Осылайша, «Ювентус» Италия кубогының жартылай финалына шықты. Енді Андреа Пирло шәкірттері Миланның «Интер» командасымен ойнайды. Жартылай финал 3 және 10 ақпанда өтеді.