Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің титулдық жекпе-жегінде үш белбеу сарапқа салынады. 29 қаңтарда Мексикада қазақстандық боксшы Нидерланды өкілі Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жұдырықтасады.Жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO белбеулері бәске тігілуі қажет болған. Алайда шоу ұйымдастырушысы - Eye of the Tiger Management компаниясының мәлімдеуінше, боксшылар 4 емес, 3 белбеу үшін жұдырықтасады.