«Қайрат» футзал клубының бапкері мен ойыншылары Игитаны Futsal Planet нұсқасы бойынша «Әлемнің үздік қақпашысы» номинациясындағы жеңісімен құттықтады, деп жазады Prosports.kz.

«Құттықтаймыз! Сіз бұған лайықсыз. Алаңдағы керемет өнеріңіз ғана емес, адами қасиеттеріңіз де мұндай сыйлыққа лайық. Мұнымен тоқтамауыңызды тілейміз. Сіз бұл деңгейде ұзақ уақыт ойнай аласыз. Бүкіл ұжымның атынан сізді шын жүректен құттықтаймын!», - деді «Қайраттың» бас бапкері Кака команданың таңғы жаттығуы басталар сәттен.

Айта кетейік, Игита бұл атақты осымен бесінші мәрте жеңіп алды. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2018 және 2019 жылдары әлемнің үздік қақпашысы атанған.