Ақтөбе қаласында Азия теннис федерациясы аясында ұйымдастырылған "ATF Junior 14 & under Grade 2" турнирі аяқталды.

Қазақстан теннис федерациясы мәлімдегендей, аталған жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан жалпы 64 спортшы қатысты.

Турнирдің нәтижесі келесідей:

Ұлдар (жекелей сайыс)

1 орын - Демид Горбачев (Ақтөбе); 2 орын - Мансур Шакен (Алматы); 3 орын - Темирлан Карим (Нұр-Сұлтан).

Қыздар (жекелей сайыс)

1 орын - Айганым Касымова (Нұр-Сұлтан); 2 орын - Анастасия Крымкова (Тараз); 3 орын - Малика Амиргалиева (ВКО).

Ұлдар (жұптық сайыс)

1 орын - Темирлан Карим (Нұр-Сұлтан) / Таир Кайретдинов (Нұр-Сұлтан); 2 орын - Мансур Шакен (Алматы) / Нурасыл Султамбеков (ШҚО); 3 орын - Дамир Дуйсенгазин (Нұр-Сұлтан)/Мансур Кайролла (Нұр-Сұлтан).

Қыздар (жұптық сайыс)

1 орын - Ариана Гогулина (Нұр-Сұлтан) / Альбина Какенова (Нұр-Сұлтан); 2 орын - Малика Амиргалиева (ШҚО) / Айганым Касымова (Нұр-Сұлтан); 3 орын - Карина Буданова (Алматы)/ Энкар Картабекова(Алматы).