«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері қызметіне Евгений Королев тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа жаттықтырушы Королев - Валерий Харламов атындағы мәскеулік ЦСКА-СДЮШОР ЦСКА хоккей мектебінің түлегі.
Ресей чемпионы (2002/03), континентальды кубогының финалисті (2002/03), Еуропа чемпиондары кубогының иегері (2006).
NHL-да 43 ойынға қатысып, бір гол соққан және төрт нәтижелі пас берген.
Ол 2016/17 жылғы маусымыда «Барыс» командасында жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Ал 2019/20 жылғы маусымынан бастап ол «Теміртау» командасын жаттықтырды. Содан кейін бүгінге дейін «Сарыарқа» бас бапкерінің көмекшісі болды.
Комментарии