Алматыда TUKESHOV BOXING PROMOTION менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бокс кешінің шымылдығын ашқан алғашқы екі жекпе-жек тең аяқталды.

Атап айтқанда, Ернұр Ақылбек (64,5 келі) Жандыр Сұлтанғалиевпен (64,3 келі), ал Нұрсұлтан Бесенбаев (80,1 келі) Илья Медяникпен (78,00 келі) тең тарқасты.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Рай Сейітжанов (5-0, 2КО) пен Нұрбол Бердімұратов (2-0) кездеседі.