27 қаңтарда Алматыда Octagon 15 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Сағындық Мұқанов Prosports.kz сайтына берген сұқбатында айқасқа дайындығы турасында айтып берді.

Octagon 15 турнирінің басты жекпе-жекгінде екі қазақстандық файтер - Сағындық Мұқанов (8-3) пен Бауыржан Қуанышбаев (5-2) кездеседі. Олар жартылай орта салмақтағы (77 келі) чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

- Аралас жекпе-жекке бәстесу арқылы келдім. 2015 жылы спорт колледжінде еркін күреспен шұғылданып жүрген кезім. Бес дүркін Қазақстан чемпионы атандым. ММА-ді тек көгілдер экраннан көретінмін. Аралас жекпе-жек қызық көрінді. Алты жылдан бері Triumph Fights залында жаттығып келемін.

2001 жылы отбасымызбен Қазақстанға қоныс аудардық. Басында қиын болғанымен, отанымызға оралғанымызға қуанышты едік. Отбасымда жеті әпке-қарындасым болғандықтан төбелеске құмар болмадым. Керісінше өнерге жақын едім. КВН ойнап, домбыра шертіп, ән айттым. Ал спортқа төбелестен ұтылған соң келдім.

- Ата-анаңыз тағдырыңызды кәсіби спортпен байланыстырғаныңызға қалай қарады?

- Басынан бастап қарсы болды. Қазір балалы болған соң, тіпті, қарсы бола түсті. Әр жекпе-жектің алдында бұл соңғысы деп айтамын.

- Биылға жоспарыңыз қандай?

- Жылына 5 жекпе-жек өткізіп, барынша белсенді болғым келеді. Оның үстіне әлі жаспын. Өзімді көрстетін уақыт келді. 27 қаңтарда белбеу Алматыда қалады.