Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 28 қаңтар күні Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Израиль құрамасымен кездеседі.

Кака шәкірттері Ришон-ле-Цион қаласында өтетін ойынға дайындықты бастап кетті.

Жарақатына байланысты Португалияның «Лиссабон» командасында ойнайтын Тайнан да Силва Рего келе алмады.⠀Оның орнына Қазақстан құрамасына Арнольд Кнауб қайтадан шақырту алды.