Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2021 жылғы Азия Кубогына іріткеу матчтарын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Азия кубогына берілер жолдаманың тағдыры шешілетін 4 матч Бахрейн астанасы Манамада өтеді:

18 ақпанда - Шри-Ланка;

19 ақпанда - Палестина;

21 ақпанда - Иордания;

22 ақпанда - іріктеу кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Шри-Ланкамен екінші рет кездеседі.