Херенвенде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық конькиші Надежда Морозова жеке рекордын орнатты деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

3000 метрге жүгіруден «В» тобында сынға түскен ол үшінші орын иеленді.

Морозова аталған қашықтықты 4 минут 07:602 секундта жүгіріп өткен. Осылайша, ол өзінің маусымдағы үздік нәтижесін тіркеп, келесі әлем кубогі кезеңінде «А» тобында сынға түсу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ, «В» тобында 5000 метрге жарысқан ерлер арасында Виталий Щиголев 10-орын, Дмитрий Морозов 16-орын, Бақдәулет Сағатов 19-орынға тұрақтады.