23 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Тимур Сегізбев атындағы стадионда «Астана» мен «Шахтер» кездесті. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Есепті астаналық команда ойыншылары ашты. 63-минутта есепте «Астананы» Пьерос Сотириу алға шығарды. 71-минутта қарағандылық клуб сапынан Айдос Тәттібаев гол соқты.

Айта кету керек, бұл «Шахтердің» жаңа бас бапкер Али Алиевтің басшылығымен алғашқы кездесуі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатының соңғы маусымында «Астана» үшінші орынға ие болды, ал «Шахтер» төртінші сатыдан көрініп, Конференция лигасына - УЕФА-ның жаңа турниріне жолдама жеңіп алды.