Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізіп, Әмір Әлбазимен кездесті. Prosports.kz назарларыңызға жекпе-жектің толық видеосын ұсынады.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек (56,7 кг) жоспарланған үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі арқасында Әлбазидің пайдасына шешілді.

32 жастағы Жұмағұлов үшін бұл жеңіліс мансабындағы бесінші, ал америкалық промоутердегі екінші болды.

Әлбазиге келетін болсақ, 27 жастағы файтер өзінің мансабындағы 14-ші жеңісіне және UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді.