Екатеринбургте RCC Boxing Promotions бокс кеші аясында рингке шыққан екінші жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ержан Залилов (11-3-1, 5 КО) Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Владимир Никитинді (4-1) жеңе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сегіз раундқа есептелген аса тартысты жекпе-жек соңына дейін жалғасып, тең аяқталды.

Өткен жекпе-жек осы салмақтағы RCC Boxing Promotions және Дүниежүзілік бокс ұйымының іріктеу турнирінің бөлігі болды, оның жеңімпазы WBO рейтингінің үздік үштігіне еніп, әлем чемпионы атағына үміткер болатын еді.

Еске сала кетелік, Залилов бұған дейін ресейлік Евгений Ляшковтан (6-1, 1 КО) және Тәжікстан өкілі Асрор Вахидовтан (6-0, 3 КО) жеңіліп қалды.