Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадалық іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Италияда су добынан әйелдер командалары арасында Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан құрамасы Словакия командасымен кездесіп, 11:10 есебімен ұтты.

Айта кетейік, ел құрамасы топтық кезеңде үшінші орынмен ширек финалға шыққан болатын. Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Израиль/Франция жұбының жеңімпазы болмақ.