«Ақтөбе» ФК командасы үш қазақстандық футболшының Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына келетіні туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұлар - Мирам Сапанов, Азат Ерсалимов, Еркебұлан Нұрғалиев сынды ойыншылар.

Тәжірибелі қорғаушы Мирам Сапанов - оралдық «Ақжайық» сапындағы ойындарымен танымал. Футболшы соңғы маусымды «Жетісу» сапында өткізді.

Ал Азат Ерсалимов 2009 жылы «Ақтөбеде» ойнаған. Ол қаралымға «Оқжетпестен» келіп отыр.

Еркебұлан Нұрғалиевке келетін болсақ, 27 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда Ақтаудың «Каспийінде» дөп тепті.

Жақын арада командаға әлеуетті жаңа легионерлер де қосылады.