Ертең Финляндияның Лахти қаласында шаңғымен жарысудан әлем кубогы кезеңі басталады. Алайда, аталған сынға қазақстандық команда қатыспайды.

Бұған команданың екі мүшесі ПТР тестілеу кезінде оң нәтиже көрсеткені себеп болған. Регламент бойынша карантин 22 қаңтар күні аяқталатындықтан, команда мүшелері жарысқа шығып үлгермейді.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) COVID-19 тәуекелі мен сынағына қатысты Хаттамасына сәйкес, әлем кубогі кезеңдерінде команда мүшелері түгелдей қабылдаушы мемлекеттің коронавирустың алдын алу және таратпау жөніндегі ережесін сақтауы тиіс. Кейін соңғы шешімді жергілікті денсаулық сақтау орындары қабылдайды. Финляндиядағы қазіргі санитарлық нормаларға сәйкес, ПТР сынағы оң нәтиже көрсеткендер оқшаулануы керек (7 -10 күн аралығы).

Айта кетелік, қазақстандық команданың бапкерлер құрамында коронавирус жұқтырғандар жоқ, барлығы да өздерін жақсы сезінуде. Ешкімде COVID-19 белгілері байқалмайды.

Шаңғышылар әлем кубогының келесі кезеңіне дейін Финляндияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Әлем кубогының келесі кезеңі 29-31 қаңтары аралығында Швецияның Фалун қаласында өтеді.