UFC on ESPN 20 турнирінде жекпе-жек өткізген қазақстандық Сергей Морозов пен ресейлік Умар Нурмагомедовтің сыйақы мөлшері белгілі болды.

Еске сала кетейік, Умар Нурмагомедов жекпе-жектің екінші раундында Сергей Морозовты қылқындыру әдісімен жеңді.

UFC келісімшартына сәйкес, қазақстандық файтер жекпе-жек үшін 10 мың доллар және оған қосымша 3,5 мың доллар сыйақы алған. Ал жеңіске жеткен ресейлік спортшының сыйақы мөлшері 23,5 мың долларды құрады.