«Сочи» футбол клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров мансабын Украинада жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік клуб Бахтияровты «Олимпик» клубына жалға беруді жоспарлап отыр. Ол «Сочидің» жаттығу жиынына жиынына барған жоқ.

Бұл туралы ойыншының агенті Дмитрий Селюк мәлімдеді. Оның айтуынша, Бахтияровқа бірнеше қазақстандық команда қызығушылық танытқан. Алайда оның украиналық «Олимпикке» ауысу мүмкіндігі жоғары.