Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ержан Залилов жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы инстаграм желісінде жеке парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Ержан Залилов (11-3-1, 5 КО) 23 қаңтарда Екатеринбургте өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ресейлік Владимир Никитин (4-1).