Оралдың «Ақжайық» командасының футболшылары қаңтардың 20-нан 21-не қараған түні Түркияның Анталия қаласына келді, олар маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz батысқазақстандық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы маусымда тағы да Қазақстан чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсететін «Ақжайықтың» ОЖЖ-ның ұзақтығы 35 күнді құрайды.