Умар Нурмагомедов - Сергей Морозов жекпе-жегінде төрелік еткен үш төрешінің бірі бірінші раундтың қорытындысы бойынша жеңісті қазақстандық спортшыға берді, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты журналист Скотт Фонтана таратты.

Ол Майкл Белл еді. Осы кезде қалған екі төреші жеңімпаз ретінде Омарды таңдады.

Статистикаға сүйенсек, Нурмагомедов қарсыласын толығымен жеңді: 15:3 (соққылар) 11:3 (екпінді соққылар) 2:0 (тейкдаундар).

Еске сала кетелік, Умар Сергей Морозовты тұншықтыру әдісімен жеңді. 25 жастағы спортшының 13 жекпе-жекте 13 рет жеңіске жеткен.