Қазақстандық файтер Қуат Хамитов ресейлік Алексей Ильенкомен жекпе-жегіне дайындық аясында салмақ қуалауға кірісті,деп хабарлайды Prosports.kz.

«Салмақты қалпына келтіріп жатырмыз», — деп жазды Хамитов.

Айта кетелік, қазақстандықтың Ресей спортшысымен жекпе-жегі 22 қаңтар күні Магнитогорскідегі AMC Fight Nights турнирі аясында өтеді.