Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 KO) Лос-Анджелесте жаттығуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы твиттер желісінде жеке парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады. Ол әйгілі жаттықтырушы Джеймс «Бадди» МакГирттің залында жаттығып жүр.

2020 жылы Жәнібек жалғыз жекпе-жек өткізді. Қазан айында Лас-Вегаста өткен бокс кешінде ол аргентиналық Гонсало Кориеяны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Оның келесі жекпе-жегі өтетін күн әлі белгісіз.