Карачаево-Черкессиядағы тау шаңғысы курортында қар көшкіні түсті, деп хабарлайды Prosports.kz Rbc.ru cайтына сілтеме жасай отырып.

Оқиға Мусса-Ачитара тауының жанындағы Домбай өңірінде болған.

Оқиға болған жердегі тау шаңғысы жолында 4-12 адам болуы мүмкін, деп хабарлады ведомство. Алдын ала мәліметтер бойынша, көшкін астында тау шаңғысы жабдықтарын жалға беретін екі вагон бар, кафе бүлінген.

"Қар көшкінінің салдары тексеріліп, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Ресей ТЖМ.