Қазақстан жастар командасының қорғаушысы Әлібек Қасым «Қызыл-Жар» футбол клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

Футболшы «Қызыл-Жар» сапында 2020 жылғы маусымнан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол 13 матчқа қатысып, 1 гол соқты.

Айта кетейік, өткен маусымда «Қызыл-Жар» Қазақстан чемпионатында сегізінші орынға ие болды.