Англия Премьер лигасының 19-турында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Шеффилд Юнайтедті» 3:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Танги Ндомбеле өте әдемі гол соқты.

Ойынның 62-минутында «Тоттенхэм» ойыншылары алаң иелерінің жарты алаңында тамаша пас алмасты. Стивен Бергвейн соңғы пасты қарсыластардың бойынан асыра Ндомбеленің жолына берген. Ал француз ойыншысы допты тоқтатпастан оң аяғының сыртымен соққы жасап, әдемі гол соқты.