Қорғаушы Кирилл Камерист «Алматы» хоккей клубынан кетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ойыншымен келісімшарт қос тараптың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Айта кетейік, Қарағанды хоккей мектебінің 20 жастағы түлегі осы маусыма Қазақстан чемпионаты аясында тоғыз кездесу өткізіп, бір пас берді.