Бүгін қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында өз алаңында ресейлік «Амурмен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта елордалық клуб еншісінде 49 ұпайымен лиганың шығыс конференциясында сегізінші орында тұрса, «Амур» 38 ұпаймен оныншы орында тұр.

Командалар осы маусымда бір-бірімен үш рет ойнады. Қазақстандық команда екі ретжеңіске жетті, ал ресейлік ұжым бір ойында олжалы болды.

«Амур» - «Барыс» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында қол жетімді болады.