Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) UFC Fight Island 7 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтағы аргентиналық Сантьяго Понзиниббионың (27-4) денсаулығына байланысты екі жылдан астам уақыт октогонға шықпаған еді. Айқас алаңына оралуы сәтсіз болды. Сантьяго қытайлық Джинглианг Лиден (18-6) ұтылды. Бірінші раундта аспан асты елінің өкілі қарсыласын нокаутқа жіберді.