Қазақстандық Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен бірге жұптық сында Анталиядағы (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты.

Осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген Евсеев пен Орлов жартылай финалда франциялық Максим Хаму мен түркиялық Туна Алтунамен шеберлік байқасты. Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:1есебімен оңай жеңіске жетті.

Евсеев пен Орлов финалда аргентиналықтар Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундоло немесе латвиялық Даниэл Морозов пен Илья Снитари жұптарының қай жеңгенімен кортқа шығады.