Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхаммед Сүлейменов «Каспий» футзал клубымен келісімшартқа отырды.

Тәжірибелі ойыншы «Каспий» сапында алаңға шығып қана қоймай, команданы жаттықтырады.

Айта кетейік, Дінмұхаммед Сүлейменов ойыншы мансабының басым бөлігін «Қайратта» өткізген. Артынша «Жетісуда» ойнады. Алғаш рет команда жаттықтырғалы жатыр.