Гандболдан Қазақстан құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап

маусымның алғашқы оқу-жаттығу жиыны "Достық" спорт кешенінде өтіп жатыр. Ұлттық құрама спортшылары 27 қаңтарға дейін шеберліктерін шыңдайды. Аталған жаттығу жиынына барлығы 15 спортшы шақырту алған. Жаттығу жиынына қатысып жатқан спортшылар: Жаннат Айтенова, Ирина Александрова, Вероника Хардина, Татьяна Давыдова, Таңшолпан Жұмаділова, Мария Пупченкова, Алеся Малышева, Кристина Степанова, Дана Әбілдә, Анель Амержанова, Злата Звягина, Жанерке Сейтқасым, Камила Серікбаева, Балнұр Ермек, Аида Жапарова.