Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогінің алтыншы кезеңі аясында әйелдер арасындағы спринтерлік бәсеке аяқталды.

7,5 шақырымға жарысқан әйелдер арасында норвегиялық Тириль Экхофф жеңіске жетті. Күміс медаль италиялық Доротея Вирерге, қола австриялық Лиза Тереза Хаузерге бұйырды.

Ал қазақстандық биатлоншылар Елизавета Бельченко 82-ші, Анастасия Кондратьева 86-шы, Людмила Ахатова 87-ші нәтиже тіркеген.