Алматылық «Қайрат» футзал клубының Чемпиондар лигасындағы матчының басталатын уақыты белгіленді.Чемпиондар лигасының 1/16 финалында «Қайрат» Беларусьтің «Витэн» командасына қарсы ойнайды. Матч 16 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Келесі турдың жолдамасын Могилевтегі жалғыз матч шешеді.