«Астана» футбол клубының ойыншылары 16 қаңтарда жиналып, медициналық тексеруден өткен соң жаңа маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріседі, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Футболшыларды медициналық тексеруден өткізу 16-17 қаңтарға жоспарланған. Ал келесі күні Андрей Тихоновтың шәкірттері жаттығу процесін бастайды. Ойыншылар 31 қаңтарға дейін Нұр-Сұлтанда болады.

Жаттығу жиынына клубпен келісімшарттары бар барлық футболшылар, сондай-ақ өткен маусымда өзге командаларда жалға берілген жас футболшылар қатысады.