Құрлықтық хоккей лигасы 2020/2021 жылғы маусымының плей-офф кезеңіне арналған ресми эмблеманы ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

13-кезекті Гагарин кубогы 2 наурызда басталады. Қазіргі таңда бірде-бір клуб плей-офф кезеңіне жолдама алған жоқ.

«Барыс» хоккей клубы 42 матчта 49 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 8-орында тұр. Елордалық клубтың да Гагарин кубогына қатысу-қатыспауы әлі белгісіз.