Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при кезеңі өтетітінін мәлімдеді.

Жарыс 19-21 ақпан аралығында Ирина Винер-Усманова атындағы гимнастика сарайында өтеді. Сондай-ақ, халықаралық федерация 25-28 ақпан аралығында Германияда жоспарланған көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Бұл өзгеріс коронавирус індетіне байланысты екенін айта кеткен жөн.

Мәскеудегі Гран-при турниріне қатысуды Қазақстан командасы да жоспарлап отыр.