KPMG ойыншылардың құнын бағалаудың өзіндік бірегей әдісіне сүйене отырып, Еуропаның 6 үздік чемпионатында ойнайтын ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметтер 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берілгені атап өтілді.

Англияда Премьер-лиганың 2019/2020 маусымы чемпионы «Ливерпульдің» ойыншылары қымбат бағаланды. Ең қымбат ойыншы - Мохамед Салах (122,2 миллион еуро), Садио Мане екінші орынға (120 миллион) жайғасты. Үшінші орында қорғаушы Трент Александр-Арнольд (107,1 миллион) тұр.

Мадридтің «Реалы» ойыншылары арасында Каземиро бірінші орында - 72,6 млн еуро. Одан кейін қорғаушы Рафаэль Варан (70,2 млн) және қақпашы Тибо Куртуа (67,9 млн) келеді.

Италия чемпионы «Ювентус» ойыншылары арасында қорғаушы Маттис де Лигт - 90 миллион еуро, одан кейінгі орындарда шабуылшы Пауло Дибала (65,2 миллион) мен Криштиану Роналду (63,2 миллион).

Бундеслиганың жеңімпазы «Бавария» жартылай қорғаушы Серж Гнабри (99,8 миллион еуро), қорғаушы Йозуа Киммих (98,3 миллион), жартылай қорғаушы Лерой Сане (85,8 миллион) қымбат ойыншыға баланады.

«ПСЖ-да» ең қымбат футболшылар: Килиан Мбаппе (200 миллион еуро), Неймар (125 миллион) және қорғаушы Маркиньос (59,9 миллион).

«Портуда» жартылай қорғаушы Джесус Корона (28,5 млн. Евро), жартылай қорғаушы Мусса Марега (15,4 млн) және жартылай қорғаушы Сей Накаджималардың (14,3 млн) құны бәрінен жоғары тұр.