Ұлттық хоккей лигасы 2020/2021 жылғы маусым алдындағы командалардың оқу-жаттығу жиыны кезінде жүргізілген коронавирусқа қарсы тесттің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Тестілеу 31 желтоқсаннан 11 қаңтарға дейін күн сайын өткізілді. Тексеру барысында тоғыз командадан 27 адамның сынамасы оң нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, барлығы 1200-ден астам ойыншыдан 12 мың тест алынды.