Матчтар мен голдық пастар саны бойынша клубтың рекордшыларының бірі Дмитрий Шомко өзінің мансабын Ресей премьер-лигасында жалғастыруға шешім қабылдап, «Астанадан» кетті.

30 жастағы қорғаушы астаналық командадан кеткеннен кейінгі эмоциясымен бөлісті:

- «Астана» футбол клубының тарихында қалу мен үшін үлкен мәртебе. Мен барлық жанкүйерлерге, клуб өкілдерін, әріптестеріме мені қолдағаны үшін рахмет айтамын.

Бірақ алға жылжитын уақыт келді. Ресей чемпионатына ауысу - бұл әлем чемпионатына арнап салынған керемет стадиондарда ойнау мүмкіндігі, әрине, бұл мен үшін жаңа сынақ, өз күшімді басқа деңгейде сынап көру мүмкіндігі.

Мен «Астананың» ішкі және еуропалық аренадағы позицияларын қалпына келтіруіне тілектеспін! - деді Шомко.