«Милан» футбол клубының қорғаушысы Леонардо Дуарте мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы миландық клуб ресми хабарлады.

24 жастағы бразилиялық футболшы 2022 жылдың 30 маусымына дейін «Истанбул» клубына жалға берілді.

Айта кетейік, Дуарте «Миланға» 2019 жылы тамызда ауысып келген. Өкінішке орай ол команданың негізгі ойыншысына айнала алмады. «Милан» сапында бар болған 9 ойынға ғана қатысты.