12 қарашада «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында өз алаңында Қазанның «Ак Барс» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команда соңғы ойында «Автомобилист» командасын 3:2 есебімен жеңді.

Қазіргі таңда Юрий Михайлис шәкірттері Шығыс конференциясында 8-орында тұр

Ал «Ак Барс» өткен ойында Уфада «Салават Юлаевтан» жеңілді(3:7). Бірақ олар Шығыс конференциясында әлі де көш бастап тұр.

«Барыс» – «Ак Барс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.