Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP 250 Antalya Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда отандасымыз италиялық Маттео Берреттини жеңді. 1 сағат 30 минутқа созылған кездесу 7:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Айта кетерлігі, Маттео Берретини ATP рейтингісінде оныншы орында тұр. Ал қазақстандық теннисші 49-сатыға жайғасқан.

Жартылай финалда Бублик франциялық Жереми Шардимен кездеседі.